Лента новостей
0

Қарағандыдағы малдың жаппай қырылуына пастереллез себеп болған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.06.2017 16:09 Zakon.kz
Мал жаппай қырылып жатқан Нұра ауданында ТЖ режімі енгізілген
Қарағанды облысының үш ауылында 96 ірі қара мал қырылды. Зертхана арқылы пастереллез диагнозы расталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

«Облыстық ветеринарлық зертхана мал пастереллезбен ауырғаны жайлы қорытынды берді. Бұл ауыруға ірі қарадағы жұту қиындығы, жара, созылмалы сілекей белгілері тән. Бүгінде өлім-жітім тоқтады. 319 малдың 87-сі індеттен сауықты», - деді брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті облыстық аумақтық инспекция басшысы Марат Мұқтаров.

Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омархановтың айтуынша, ауру жайылған жоқ. Жағдай тұрақтандырылды.

«Ветеринарлық шаралар жүргізілуде. Малдар қаралып, қажетті препараттармен емдеу жұмыстары жүргізілді», - деді әкім.

Еске сала кетейік, Пастереллезден мал жаппай қырылып жатқан Нұра ауданында ТЖ режімі енгізілгендігі туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: