Зейнеткер әжей алғаш рет 65 жасында тұрмысқа шықты
Zakon.kz
Желі қолданушыларының басым бөлігі жұбайларға бақыт тілеп, оң қабақ танытып жатыр.
Ғаламторда 65 жастағы әжей мен 70 жастағы зейнеткер үйленді деген ақпарат тарады. Зейнеткерлердің тойында түсірілген сурет Facebook желісінің “Жаға ұстатты” тобында жарияланды, деп жазады stan.kz.
“Қалыңдық бірінші рет тұрмысқа шығып жатыр, жасы 65-те. Күйеу жігіт – 70 жаста. Ол үшінші рет үйленіп жатыр. Қалыңдық тойында өзгелер секілді гүл шоғырын лақтырған. Кімнің ұтып алғаны белгісіз. Той Оралда болды. Қалыңдық – ағылшын тілі мұғалімі, зейнеткер”, – деп жазылған парақшада.
Желі қолданушыларының басым бөлігі жұбайларға бақыт тілеп, оң қабақ танытып жатыр. Алайда мұның жалған екенін айтып сенбегендер де бар.
Бұған дейін Алматыда сексенге жақындаған ғашықтардың үйленіп, дүркіретіп той жасаған.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript