Лента новостей
0

Атырауда алаяқтық жасаған көлік инспекторы сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.06.2017 17:28 Zakon.kz
Сот көлік инспекторын ҚР ҚК «Алаяқтық жасау» бабы бойынша айыпты деп танып, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Атырауда сот жол-патрульдік полиция сержантын алаяқтық жасағаны үшін 3,5 жылға соттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Соттың істі қарауы барысында жол оқиғасы болған жерге келген жол-көлік қызметі өкілі «Мерседес» автомобилін мінген жеңіл жол апаты қатысушысының ізін суытқанын анықтаған. Ол қымбат машинаның иесі қайда тұрып жатқанын анықтап, үйіне барып, автомобильден мемлекеттік нөмірді шешіп алған. Инспектор жүргізушіге қозғалмаған әкімшілік материалды тоқтату туралы мәселені шешуге уәде еткен. Ол өзінің «қызметін» 30 мың теңгеге бағалаған», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ол жүргізушіден ақша алғаннан кейін ұсталды. Айыпталушы мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға келіскен. Сот көлік инспекторын ҚР ҚК «Алаяқтық жасау» бабы бойынша айыпты деп танып, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды».

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: