Дін істері министрі: Қара киіммен тұмшаланғандар мемлекеттің саясатына қарсы
Zakon.kz
Министр адамның сенімі, иманы ең алдымен оның жан дүниесінде, адамның жүрегінде дей келе, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың сөзін мысалға келтіре кетті.
Күректей сақал өсіріп, балағын қысқартып, қара киіммен тұмшаланғандар еліміздің құрылымы мен саясатына келіспейтіндігін көрсеткісі келеді. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бұл біздің мәдениетімізге және салт-дәстүрімізге жат нәрсе. Өйткені қазақ әйелдері бет-әлпетін жабатын қара киім кимеген. Оның үстіне бұл мәселеде киімнің ыңғайлылығына, оның тиімділігіне қарау керек. Адамның сенімі, оның иманы берік болса, ешқандай киім немесе сыртқы көріністер ықпал ете алмайды. Елбасының айтқан сөздерінің мағынасы да осы», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
Министр адамның сенімі, иманы ең алдымен оның жан дүниесінде, адамның жүрегінде дей келе, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың сөзін мысалға келтіре кетті.
«Ұлы Абай айтқандай, «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес». Иман ең алдымен адамның жүрегінде болу керек. Қандай бейнемен жүру бұл, әрине, әр адамның өз құқығы. Бірақ теріс ағымдардың жетегінде жүргендер осындай киім кию арқылы осы мемлекеттің құрылымымен және саясатымен келіспейтінін, қоғамға қарсы екендіктерін көрсеткісі келеді», - деді министр.
Бұл орайда, Н. Ермекбаев Таяу Шығыс тұрғындарының мұндай киім киюі олардың климаттық, географиялық және тарихи мәселелеріне байланысты екенін алға тартты.
«Халқымыздың өзіндік салт-дәстүрлері бар. Өзіміздің ұлттық намысымыз бар. Басқа елдерге көзсіз еліктеудің қаншалықты қажеті бар. Елбасы айтқандай, өзіміздің салтымыз бен әдет-ғұрпымызды сақтап, дәстүрлі киім кием деушілерге ешқандай қарсылық жоқ. Егер заманауи талаптарға сәйкес ыңғайлы киім киіп, моральды-этикалық қағидаларды сақтап жүретін болса, оған да ешқандай қарсылық жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бұл мәселеде біз тарихи ұлттық ерекшеліктерді ескеруіміз қажет», - деп түйіндеді сөзін халықпен кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев.
Аталған министрлік өкілдері бұл бағытта мемлекеттік орган тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы талқылануда. Онда қоғамдық орындарда бет-әлпетін жауып тұратын киім үлгілерін киюге тыйым салынуы мүмкін. Алайда, бұл талап елге келген шетел азаматтарына қатысты қолданылмайды.
Фото: vk.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript