Лента новостей
0

Қадір түнін қалай өткізу керек?

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2017 23:24 Zakon.kz
Егер Қадір түнін намаз оқып өткізген болсаңыз, онда 83 жылдың сауабын аласыз.
Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түн – Қадір түні. Рамазан айының қасиетті Қадір түнін қалай өткізген абзал? Сауабы қандай болмақ? Бұл сұрақтардың жауабын дінтанушы Ризабек Батталұлы берген екен. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Рамазан айының соңғы он күндігін бастадық. Мың айдан да қадірлі болған Рамазан айының қасиетті Қадір түніндегі сауапты баршамызға нәсіп етсін. Сондықтан осы мүмкіндіктен айырылып қалмаңыздар. Ол қандай мүмкіндік? 83 жылға тең мүмкіндік. Сондықтан құр шай ішіп отырмай, түнді құлшылықпен, намазбен, зікірмен өткізген абзал», - дейді Ризабек Батталұлы.

Оның айтуынша, егер Қадір түнін намаз оқып өткізген болсаңыз, онда 83 жылдың сауабын аласыз. Ал зікір айтқан болсаңыз, 83 жылғы зікірдің сауабы жазылады. Құран оқып өткізсеңіз, 83 жылғы мың айдан да қадірлі Құранның сауабы беріледі.

«Ал егер шай ішіп отырсаңыз, 83 жыл бойы шай ішкеннің «сауабы» беріледі. Әңгіме айтқандарға 83 жылғы әңгіменің «сауабы» нәсіп болады. Қадір түнін күтіп отырмын деп, өсек айтып отырсаңыз, 83 жылғы өсектің «сауабы» жазылады. Сондықтан ғайбат айтпай, құлшылықпен өткізу керек», - деп түсіндірді ұстаз.

«Біз келесі айға жетеміз бе, жетпейміз бе, білмейміз. Ондағы мақсат адамды өліммен қорқыту емес. Мақсат – мың айдан қадірлі болған түнге жету. Біз 83 жыл Аллаға ғибадат қыла алмаймыз. Ал құдай саған сондай мүмкіндік беріп отыр. Егер сол түнге дәл түссең, 83 жылға тең ғибадат жасаған боласың. Сауап аласың», - деп түсіндеді ол.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: