Лента новостей
0

Мемлекет басшысы Hilton Astana жаңа қонақ үйінде өткен алғашқы іс-шараға қатысты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.06.2017 22:24 Zakon.kz
Қонақ үйдің пайдалануға берілгеннен кейін операторы Hilton қонақ үй желісі болады.
Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлардың 30-пленарлық отырысы өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінің аумағындағы маңызды объектілердің бірі – Hilton Astana қонақ үйінде болды.

Мемлекет басшысы BI Group компаниясының командасын қонақ үй құрылысының табысты аяқталуымен құттықтады, сондай-ақ құрылыстың сапасына жоғары баға беріп, әлемдік деңгейдегі объектінің қазақстандық құрылысшылармен тұрғызылғанын атап өтті.



Қонақ үйдің пайдалануға берілгеннен кейін операторы Hilton қонақ үй желісі болады. Компания жобаны қысқа уақыт ішінде – небәрі 8 айда салып бітірді, құрылысқа компанияның барлық жетекші мамандары, сондай-ақ 200-ге жуық мердігерлік мекеме-серіктестер тартылған.

«Күн сайын объектіде 2,5 мың адамға дейін жұмыс істеді, барлық жұмыстар әр минутқа дейін ұйымдастырылды және техқадағалау қызметімен жүйелі түрде тексеріліп тұрды. Біз үшін бұл маңызды сынақ болды, тез арада көптеген шешімдерді қабылдап, проблемалық аймақтарды анықтадық, шетелдік әріптестермен де кеңесіп жаттық, - дейді жоба туралы BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев. Объектінің мәртебесі архитектуралық, дизайнерлік шешімдерді және жаңа технологияларды таңдау тәсілдемесіне едәуір әсерін тигізді. Мысал ретінде – қонақ үйдің алдыңғы бетін кербез құрылымдық әйнектеуге келетін болсақ, осы жобадағы айтарлықтай маңызы бар мерзімдерді қатаң ұстану үшін, мамандар шыныпакеттерді 35 минут ішінде монтаждаулары қажет болды. Ал ол қарапайым шыныпакет емес, әйнектеудің спайдерлық жүйесінің әр қонструкциясы бірегей, әр блоктың өзінің белгілі орны бар. Әрекеттердің осындай нақтылығы жұмыстардың әрбір бөлігінде байқалды. Қонақ үйді басқаратын Hilton Worldwide корпорациясы тарапынан сапаға қойылған талаптар әлем бойынша барлық құрылыс салушыларға белгілі – ол үшін ешқандай ымыра жоқ, өйткені қандай да бір қателік клиенттерге қолайсыздық туғызуы және абыройды төмендетуі мүмкін. Халықаралық тексерулер біз үшін бағдар болды десе болады. Орындау бойынша да, тапсыру мерзімі бойынша да күрделі объект болды. Әрине, біздің команда мұны толықтай орындап шықты, бұл тек біздің жетістігіміз емес, бұл Қазақстан құрылыс саласының сапалы түрде өсуінің белгісі. Біз халықаралық деңгейдегі құрылысқа дайынбыз», – деп мәлімдеді Айдын Рахимбаев.


51 мың ш. метр кеңістігін игеру үшін материалдардың жеткізілімі көліктің барлық түрлерімен әлемнің 15 мемлекетінен жүргізілген. Бірақ, дегенмен, бұл жерде отандық өндірушілердің де үлесі айтарлықтай көрінеді – көптеген маңызды бөлшектер және жұмыстардың 80%-ы қазақстандық компаниялармен іске асырылған. Объект үстіндегі жұмыс барысында қонақжайлылық саласындағы соңғы жаңартпалар қолданылған, қонақ үйді іске қосу үшін қонақ үй саласындағы мамандардан кәсіби команда жиналған. Отандық құрылысшылар халықаралық командада бірегей тәжірибе алған. Құрылысшылардың айтуы бойынша, құрылыстың жылдамдығына қазақстандық құрылыстағы әзірге ноу-хау ретінде танылатын BIM-технологияларының, 3D-модельдеудің қолданылуы едәуір ықпалын тигізген. Бұл технологияларды BI Group құрылыста қолданып келеді. Нәтижесінде 253 нөмірі, мейрамханалары, барлары, spa, жерасты паркингі, сыйымдылығы мың адамды құрайтын салтанатты би залы, іскерлік кездесулерге арналған конференц-залы бар әлемдік деңгейдегі қонақ үй салынды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: