Лента новостей
0

Теміртауда екі туысы бес жасар баланың көз алдында қаза болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.06.2017 17:12 Zakon.kz
Бірінші болып жерқоймаға түскен ер адам есінен танып қалған.
Теміртауда екі адам картоп тазаламақ болып қаза болды. Бұл оқиға 21 маусымда гаражда болған, деп хабарлайды stan.kz, etemirtau.kz жергілікті басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

“Негізгі себеп, екі адам жер қоймаға түсіп, ескі картоптан тазартпақ болады. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Тиісінше, погреб көлемінде көмірқышқыл газы пайда болған, яғни оттегі жоқ болған. Жерқоймаға түскен адамдарға ауа жетпей, тұншығып қаза тапқан”, — деп түсіндірді Теміртау төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы Арман Алпысбаев басылымға.

Бірінші болып жерқоймаға түскен ер адам есінен танып қалған. Ал әйел адам оған көмектесемін деп, жерқойма есігіне кептеліп қалған болса керек. Мұның бәрі бес жасар бүлдіршіннің көз алдында болған. Туысқанының денесін көріп, бала көмек шақырыпты. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөліп, оттегін түгелдей жұтып қояды. Бөлмеде көмірқышқыл газы бар-жоғын тексеру үшін, жанып тұрған қағазды тастау керек – от бірден өшіп қалса, бөлмеге кіруге болмайды деген сөз.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: