Астаналық дәрігерлер 73 жыл бойы соғыста алған оғымен өмір сүрген ардагерге ота жасады
Zakon.kz
Балтабай ақсақал елге оралғаннан кейін ауылшаруашылық саласында ұзақ уақыт еңбек еткен.
73 жыл бойы оқпен дос болған. Астаналық дәрігерлер соғыс ардагерінің санынан оқ алып шықты. Бір қызығы, 93 жастағы қостанайлық қария аяғын ала алмай қалған соң ғана дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы жазды.
Аяқта оқ барын ақсақал да, ақ халаттылар да білмепті. Операция барысында дәрігелер қандай қызық жағдайға тап болды?
Балтабай ата сұрапыл соғысқа 17 жасында аттанған екен. От пен оқтың ортасында жүріп, көп бейнет көрдім дейді. Қан майданда бірнеше рет жараланып, 3 жыл бойы ауруханада жатыпты. Ең ауыр жарақатты 1944 жылы Украинаның Львов облысында алған. Сол кезде денесінде қалып қойған оқ осы кезге дейін аса мазаламапты. Оның үстіне, оның нақты қай тұста тұрғанын да білмеген.
«Бәріне төздім. Ауырады, қаттырақ жүрсең ауырады. Кейде ұйықтап жатқанда ауырады, соның бәріне төздім. Мына қолым көпке дейін істемеді. Кейде жарылып, сүйегі шығады» — ардагер Балтабай Қазиев.
Тек соңғы кезде денсаулығы сыр беріп, аяқтан жүруден қалған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Ал, ақ халаттылар операцияға дейін қарияның санында оқтың барын білмеген.
«Операция қиын болған жоқ. Бәрі сәтті өтті. Басында біз мұны жай ірің деп ойладық. Алайда, операция кезінде оқ екенін байқадық. Жарықшақтың айналасын тот басып, бұлшық еті іріңдей бастаған. Денедегі оқ адамды бірден мазаламай, кейін түрлі себептерге байланысты осындай ірің сияқты белгілер көрсетуі мүмкін» — хирургиялық инфекция және колопроктология бөлімшесінің дәрігері Сәуле Хамзина.
Алынған оқтың ұзындығы – 2,5 сантиметр. Ол қарияның денесінде аттай 73 жыл жүрген.
«Оқ бар екенін өзі біледі. Бірақ ол оқтың қайда екенін білмейді. Мына жағынан кіргенін екінші жағынан шыққанын айтады ғой. Ол енді кейінгі кезде аяғы ісіңкіреп. Енді әсері болады ғой қалқам. Оқты өзіңіз көрдіңіз ғой. 73 жыл бойы ондай оқты таскать ету оңай емес қой. Адам басына бермесін» — інісі Айсабай Шағырұлы.
Балтабай ақсақал елге оралғаннан кейін ауылшаруашылық саласында ұзақ уақыт еңбек еткен. Екі жұбайынан сегіз бала сүйген ол бүгінде 21 немере мен 1 шөбересінің қызығын көріп отыр.
Фото: 1tv.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript