Лента новостей
0

Алматыда биыл 9 көл сел қаупін туғызып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.06.2017 16:11 Zakon.kz
Қалалық ТЖД мамандары биыл көл суын қуаты сағатына 400 куб метр су айдайтын сорғыш арқылы айдамақ.
Алматыда биыл 9 көл сел қаупін туғызып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сəйкес, Алматы тауларында 36 көл бар.

"Олардың 17-сінде су тасуы ықтимал. Биыл 9 көлден сел жүру қаупі анық байқалып отыр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін «Ақсай», «Қарғалы», «Үлкен» және «Кіші Алматы» өзендерінің аңғарларында 8 маусымдық жəне 9 тұрақты пост жасақталды", делінген хабарламада.

Қалалық ТЖД мамандары биыл көл суын қуаты сағатына 400 куб метр су айдайтын сорғыш арқылы айдамақ. Мұндай амал арнасынан тасуы ықтимал көлдердің суын қауіпсіз деңгейге дейін аз уақытта түсіруге септігін тигізбек.

Ертең осы мəселеге байланысты Алма-Арасандағы Аюсай шатқалында «Казселденқорғау», «Казəуеқұтқару», қалалық ТЖД жəне Құтқару қызметі мамандарының қатысуымен көшпелі жиын өтеді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: