Лента новостей
0

Ақтөбеде қалыңдығына ренжіген жігіт бөтен қызды алып қашпақ болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.06.2017 23:50 Zakon.kz
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз алып қашпақ болған екі жігітке қатысты қылмыстық іс таяу күндері қаралады.
Ақтөбеде қыз алып қашпақ болғандардың ісі сотқа жетті. Базар маңында кездескен қызға үйленбек болған жігіт жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде қыз алып қашып, үйленбек болған жігіттің жайын облыстық прокуратураның аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев өз парақшасында түсіндіріп берді.

«Хромтау ауданының жігіті отбасы мүшелеріне өзінің үйленетінін айтып, олар тойға дайындалып жүрген. Уақыт жақындаған кезде қыз бен жігіт сөзге келіп қалып, қыз күйеуге шығу туралы ойынан бас тартқан. Жігіт өз туған-туыстарын ренжітпеу үшін алдынан шыққан кез келген қызды алып қашпақ болады. Оқиға Ақтөбе қаласындағы орталық базар маңында болған. Сол жерде базардың күзетшісі көріп, қызды алып қашпақ болған екі жігітті ұстап алады. Іс тергеліп, сотқа жіберілді»,- деді Жасұлан Дәулембаев.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің Елек полиция бөлімі соталды тергеу жұмысын аяқтап, істі сотқа жібергенін мәлімдеді.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз алып қашпақ болған екі жігітке қатысты қылмыстық іс таяу күндері қаралады.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: