Лента новостей
0

Үш дүркін "Қазақстан барысы" атанған балуан биыл жарысқа қатыспайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.06.2017 22:39 Zakon.kz
"Қазақстан барысы" турнирі биыл Астанада жетінші рет ұйымдастырылады.
Астанада 2 шілдеде қазақтың ұлттық спорты қазақ күресінен өтетін "Қазақстан барысы" жетінші республикалық турнирінің жеңімпазы алтын белдік, "тайтұяқ" марапаты және 25 миллион теңгеге ие болады, деп жазады sputniknews.kz.

Биыл қазақ күресінен өткізілетін жарыс 11 мың адам сыятын "Барыс Арена" спорт сарайында болады. "Үш дүркін чемпионымыз Бейбіт Ыстыбаев биыл жарысқа қатыспайды.

Қыркүйек айында ол "Әлем Барысы" турниріне қатыспақ. Биыл жарыста жаңа балуан жеңімпаз атанады деп күтеміз", — деді "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқорлық кеңесі төрағасы Арман Шураев. Турнир қатысушылар Астанаға 29 маусымда келеді, келесі күні ресми салмақ өлшеу рәсімі өткізіледі.

Биыл жарысқа ең мықты 34 балуан қатыспақ, олар 14 облыс пен Алматы және Астана қалаларында өңірлік іріктеу кезеңдерінен өткен.

Турнирдің тікелей көрсетілімін "Қазақстан" және "Kazsport" арналарынан, сондай-ақ ресейлік "Матч!", "Планета", "Боец" арналары және "ТРТ Аваз" түрік арнасынан тамашалай аласыздар.

Турнирдің сыйақы қорына келер болсақ, әр жеңген жекпе-жек үшін балуан 100 мың теңге ұтады.

Ал чемпион алтын белдік, "тайтұяқ" марапаты және 25 миллион теңгеге ие болады және бапкеріне үш жарым миллион теңге сыйақы ұсынылмақ.

Екінші орынға – бес жарым миллион теңге мен бапкеріне 1,8 миллион теңге ұсынылады. Үшінші орынға – 1 миллин 800 мың мен бапкеріне 900 мың теңге беріледі.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: