Қарағандылық жүргізуші 30 градус ыстықта автобустың пешін қосып қойған
Zakon.kz
Сырттағы аптап ыстық аз болғандай, автобуста пеш қосулы тұрды.
Қарағандыда соңғы күндері күн қатты ысып, ауа температурасы 30 градустан асты. Осындай аптапта қалалықтар пеші қосулы тұрған автобуспен жүруге мәжбүр болған. Бұл туралы жолаушылардың өздері айтып берді, деп хабарлайды baq.kz, eKaraganda.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«53-ші автобусқа мінген едім, жүру мүмкін емес. Сырттағы аптап ыстық аз болғандай, автобуста пеш қосулы тұрды. Терезелер мен люктерді ашқанымызбен пайда болмады. Жолаушылар шағымданып жатты, алайда жүргізуші мен кондуктор пысқырған да жоқ! Түк болмағандай отыра берді», - дейді ойламаған жерден «моншаға» түсіп шыққан қала тұрғыны.
Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидулланың айтуынша, автопарк басшылығы көп ұзамай автобусты бағдардан алып тастауға шешім қабылдаған. Оның орнына басқа автобус шығарылыпты.
Ол автобус жүргізушісі радиатордың істен шығуына байланысты пешті қосуға мәжбүр болғанын жеткізді.
«Жүргізуші қозғалтқыштан жылуды шығару үшін пешті қосқан болуы керек», - деп түсіндірді Ескендір Қабидулла.
Фото: Centre1.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript