Лента новостей
0

Ақтөбе облысында дала өрті көбейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.07.2017 19:16 Zakon.kz
Мәртөк, Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Байғанин аудандарында дала өрті тіркелді.
Ойыл ауданында дала өрті көбейді. Қазіргі уақытта Саралжын, Қараой, Ақшатау ауылдарындағы өрт сөндірілген. Қызыл жалынды сөндіруге еріктілер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Дала өрті көп. Құрғақ шөп жанды. 5 шілде күні екі күн бойы далалық өртенді. Ойыл ауданынан 40 шақырым қашықта 40 гектар, Саралжын ауылының маңында 42, ал Қараой ауылы жанында 43 гектар жер жанып кетті. Қазіргі уақытта өрт түгел сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге еріктілер мен арнайы өрт сөндірушілер жіберілді», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Сәлима Төлегенова.

Сонымен қатар, Мәртөк, Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Байғанин аудандарында дала өрті тіркелді.

«Ойыл ауданы, Ақшатау елді мекенінің Көкбөгет ауылы маңында құрғақ шөп жанды. Ауылға 10 шақырым жақындап қалды», — деді Сәлима Төлегенова.

Фото: aktobenews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: