Лента новостей
0

Алматы облысында пошта қызметкері өзгенің шотындағы ақшаны жымқырып, істі болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 16:51 Zakon.kz
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Алматы облысында пошта қызметкері өзгенің шотындағы ақшаны жымқырып, істі болды. Аталған жағдай Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шотындағы ақшасынан айырылған тұрғын аудан прокуратурасына арызданған. Арнайы тексеріс барысында ұрының алыстан келмегені анықталды. Қабанбай ауылындағы пошта байланысы бөлімшесінің бұрынғы операторы К. есімді азаматша өзінің қызмет бабын пайдаланып, өзгенің есепшотынан 1 000 000 теңге ақшаны жымқырған.

Алакөл ауданы прокуратурасымен аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, поштаның бұрынғы қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2 бөлімінің 3 тармағына сәйкес іс (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қозғалып, сотқа жолданды.

Соттың үкіміме сәйкес К. есімді азаматша кінәлі деп танылды. Екі жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Мүлкі тәркіленді. Материалдық жауапты лауазымын атқару құқығынан екі жыл мерзiмге айырылды.

Бірақ ҚР рақымшылық туралы Заңына байланысты сотталушы негізгі жазадан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: