Лента новостей
0

ОҚО-да төрт күнде төрт адам суға батып, ажал құшты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 19:23 Zakon.kz
Балаларға қатысты оқыс оқиға аудандарда тіркелген.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы аптап ыстықта көңілді демалыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Мерекеге орай берілген төрт күндік демалыста төрт адам суға кетті. Өкінішке орай, көз жұмғандардың екеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Өңірдегі құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлар адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алған. Бақилық болған екеу рұқсат етілген су қоймасында шомылғанымен, жағадан тым алыстап кеткен. Салдарынан олар суға батып кеткен.

«Оқиғалардың бірі Шардара су қоймасында орын алды. 1963 жылғы ер адам судың шомылуға рұқсат етілмеген жеріне өтіп кетіп бақилық болды. Тура осыған ұқсас жағдай Михайловск су қоймасында орын алды. 1986 жылғы келіншек қауіпсіз аймақтан шығып кетіп, құтқарушылар жетемін дегенше көз жұмған», - дейді ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы Зәрипа Тұрысбекова.

Ал, балаларға қатысты оқыс оқиға аудандарда тіркелген. Отырар ауданында 2005 жылғы жеткіншек суға ағып кетсе, Сарыағаш ауданында 2014 жылғы бүлдіршін де судың құрбаны болды. Екеуі де ата-ананың қарауынсыз қалып, су арнасына құлап кеткен. Айта кетейік, биыл өңірде 17 адам суға кетіп ажал құшты.

Олардың 11-і кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы жағдайларға негізінен тұрғындардың салғырттығы мен ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырып кетуі себеп болған.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: