Лента новостей
0

Қазақстанда 2016 жылы мыңнан астам қыз бала түсік жасатты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 20:24 Zakon.kz
Отбасын жоспарлау бойынша сапалы қызмет көрсетілген жағдайда, жасөспірімнің жүктілігі, түсік, жыныс жоларымен берілетін инфекциялардың алдын алуға болады.
Қазақстанда 2016 жылы 80 мыңдай әйел жасанды жолмен түсік тастаған. Олардың мыңнан астамы – жасөспірімдер. Осы мәселенің алдын алу туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева сөз қозғады, деп жазады sputniknews.kz.

"Елімізде отбасын жоспарлау мәселесі бойынша 478 кабинет қызмет етеді, сол жерде отбасын жоспарлау бойынша барлық сұрақтарға жауап алуға, әйелдерге контрацептив қабылдау керегін анықтауға, сондай-ақ контрацепцияның тиісті түрін таңдауға көмектеседі. Еліміздің әр тұрғынында жалпы тәжірибелі учаскелік дәрігер бар. Учаскелік дәрігер бұл кеңесті қай кабинеттен алуға болатынын түсіндіреді", — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Отбасын жоспарлау бойынша сапалы қызмет көрсетілген жағдайда, жасөспірімнің жүктілігі, түсік, жыныс жоларымен берілетін инфекциялардың алдын алуға болады. Бұл кабинеттердің басты мақсаты – әйелдің репродуктивті денсаулығын қадағалау, дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы мерзімді таңдау және жасанды түсік пен ана өлімінің санын азайту.

"Былтыр жасанды түсік тастағандардың саны 79 мыңға жетті. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің босану көрсеткіші былтырғы жылы – 4226, 15-17 жас аралығындағы түсік жасату – 1418, 15 жастан кіші қыздар арасында – 16 рет. Түсік жасату отбасын жоспарлау әдісі болмауы тиіс. Ақылға сыйымды контрацепция болуы керек", — деп мәлімет берді Ләззат Ақтаева.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: