Лента новостей
0

Қостанайда бір қора қой мен малшы қастандықпен өртелген болуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.07.2017 21:21 Zakon.kz
Расында қайғылы оқиғаға адам қолынан жасалған қастандық себеп болуы ықтимал.
Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданының Көкалат ауылында жан түршігерлік жағдай болды. Атап айтатын болсақ, жайлаудағы 1406 бас ұсақ мал мен 56 жастағы малшы тосыннан шыққан өрттің кесірінен тірідей отқа оранып, көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Қостанайдағы тілшісі.

«Оқиға шілде айының 6 күні тіркелді. Біздің жүргізген алдын ала болжам бойынша оқиғаға дала өрті себеп болып отыр. Атап айтсақ жай түскен. Тілсіз жаудың құрсауында қалып, қырылған мал жергілікті «Айдос» жеке қожалығының меншігінде. Ал бағып жүрген малын өрттен аман алып қалуға тырысқан шопан да қызыл жалынның ортасында қалып, ажал құшты. Оның артында 8 баласы қалды. Барлығы қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамаудың кесерінен туындаған. Әрі шаруа қожалығы өзінің жайылымдық жерінен 30 шақырымға ұзап кетіп отыр. Өрттің себебіне қасақана жасалған әрекет те негіз болуы мүмкін» дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Дусанов.

Расында қайғылы оқиғаға адам қолынан жасалған қастандық себеп болуы ықтимал. Оған басты негіз бен күдіктілер де бар көрінеді.

«Тілсіз жаудан 1406 бас ұсақ мал шығын болды. Қазір Торғай жерінде бұрын-соңды болмаған апат орнында құзырлы орын өкілдері төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтаумен айналысып жатыр. Толық ақпарат осы жұмыстардан соң нақты белгілі болады» дейді Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Дастан Абдуллин.

Мешіт Ғазиз

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: