Бейнеу тұрғыны отбасылық проблемаға байланысты үйі мен сарайын өртеп жіберді
Zakon.kz
Үй бір қабатты, тоғыз бөлмелі.
Бейнеу аудандық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, тұрғын отбасылық мәселеге байланысты үйі мен сарайын отқа ораған, деп жазады stan.kz.
“№37 үйдің қонақ бөлмесі, төбесі мен жатын бөлмесі, үй заттары жанып кеткен. Үй бір қабатты, тоғыз бөлмелі. Өрттің аумағы 4 шаршы метрді шарпыған. Бөлек тұрған бір қабатты сарай да өртенген. Оның өрт аумағы 54 шаршы метр. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 11:29-да сөндірді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript