Лента новостей
0

Қазақстанда жол апаты жиі орын алатын өңірлер белгілі болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.07.2017 22:10 Zakon.kz
Бірінші жартыжылдықтағы ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелді.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғаларының қай өңірде көп тіркелгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет мәліметінше, жылдың 6 айында еліміздің жолдарында 7 127 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 9 992 адам зардап шексе, 738-і қаза тапқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апаты - 10,7, зардап шеккендердің саны - 10,3, қаза тапқандардың саны - 20,5 процентке төмендеуі байқалады.

Ең көп жол апаты Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған. Адам өлімі бойынша Алматы облысы алда тұр. Бұл өңірде 162 адам жол апатында қаза тапқан.

Бірінші жартыжылдықтағы ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелді. Жол апаты кезінде 16 адам зардап шекті, оның 9-ы қаза тапты.

Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы Қазақстан бойынша жол апаты ең жиі орын алатын жер ретінде тіркелген. Дәл осы көшелердің қиылысында жыл басынан бері 9 жол апаты болып, 10 адам зардап шеккен.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: