Лента новостей
0

Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2017 20:06 Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі соңғы жылдары тарихи орындарға баса маңыз беріп келеді.
«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымынан Алтын адамның табылғанын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», - дейді фейсбук парақшасында Берік Әбдіғали.

Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі соңғы жылдары тарихи орындарға баса маңыз беріп келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған болатын.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: