Лента новостей
0

Ақтөбеде 20 күннің ішінде 182 браконьерлік әрекет анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2017 23:40 Zakon.kz
30 өсімдіктер дүниесі аймағындағы заң бұзушылық орын алып, 59 ортақ суды пайдалану ережелерін бұзушылық болған.
Ақтөбе облысы көлемінде 10 және 31 шілде аралығында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып, табиғатты қорғау заңдылығын бұзған 182 фактіні анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы ІІД ЖПҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау бағытында болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу мен жолын кесу мақсатында өтетін «Браконьер» проилактикалық іс-шарасына 32-ден астам мобильдік топ жұмылдырылды. Нәтижесінде 182 факті анықталды. Оның 178-і бойынша жалпы соммасы 805 495 тг құрайтын әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Олардың 56-сы балық және басқа да су жануарларын қорғау ережесін, 37-сі жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған. 30 өсімдіктер дүниесі аймағындағы заң бұзушылық орын алып, 59 ортақ суды пайдалану ережелерін бұзушылық болған.

Сонымен қатар, ІІД Табиғатты қорғау қызметінде экологиялық қылмыстық әрекеттерді анықтау және болдырмауға да аса мән береді. Жедел-профилакткалық іс-шараны өткізу кезінде 3 қылмыстық әрекет анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 2017 жылғы 11 шілдеде аталған шара барысында Айтеке би ауданы ІІБ ЖПҚ қызметкерлері Ақтөбе облысы аумағындағы ауылдық жолдардың бойынан қараған ағашын заңсыз шабу фактісі анықталып, ҚР ҚК 340-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: