Ақтауда төртінші қабаттан құлаған 31 жастағы келіншек аман қалды
Zakon.kz
Әйел бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Ақтауда төртінші қабаттан құлап кетіп, көптеген ауыр жарақат алған 31 жастағы әйел аман қалды. Бұл туралы stan.kz, tumba.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға қаладағы 31А ықшамауданда болыпты. Дәрігерлердің айтуынша оның мұндай қадамға баруына босанудан кейінгі жүйке тұрақсыздығы себеп болуы мүмкін.
Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын алғанын, жамбас сүйегі мен жіліншігінің сынғанын айтып отыр. Қазір зардап шегушінің жағдайы ауыр. Құқық қорғау органдары оқиға себебін анықтап жатыр.
Фото: tumba.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript