Лента новостей
0

Ақтөбенің жағымсыз иісін жасыруға тырысқан бас эколог Сапарбаевтан сөз естіп тынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2017 17:42 Zakon.kz
Бердібек Сапарбаев қаланың ауасын ластап отырған кәсіпорындар басшыларын жинап, мәселені шешудің нақты жолдарын талап етті.
Облыстық экология департаменті басшысы Жақсығали Имақұловтың айтуынша, қалада тек күкіртті сутектің ауадағы құрамы шамадан сәл асып тұр. Бұған облыс әкімі келіспеді. Қаладағы сасық иісті жақсырақ сезу үшін ол Жақсығали Иманқұловқа Махамбетов ауданында тұрып қайтуға кеңес берді, деп жазады Aktobenews.kz.

«Жақсығали Исламұлы, сізді зауыттар орналасқан Махамбетов ауданына көшіру керек. Сонда бір ай бойы тұрып қайтыңыз. Содан кейін басқаша сөйлейсіз. Махамбетов ауданында жоқ дейсіз. Бірақ халықпен кездескенде мен өзім сол иісті сезем. Тұрғындардың айтуынша, олар сол иісті күнде сезеді. Бәрі дұрыс, күкіртті сутектен басқа шамадан артық көрсеткіш жоқ деп өз-өзімізді жұбатпайық, алдамайық. Егер де бәрі дұрыс болған жағдайда, онда қалада аллергия болмас еді, тұрғындар наразылық танытпас еді», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, бүгін облыстық әкімдікте қаладағы экологиялық жағдай талқыланды. Бердібек Сапарбаев қаланың ауасын ластап отырған кәсіпорындар басшыларын жинап, мәселені шешудің нақты жолдарын талап етті.

Қамбар Мұқашев

Фото: Aktobenews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: