Астана тұрғынына ұлы шекілдеуік қабығын жерге тастағаны үшін айыппұл салынды
Zakon.kz
Қаулы заңды күшіне енді.
Астана тұрғынына ұлы шекілдеуік қабығын жерге тастағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
«Колледждің балалар алаңында жасөспірім шекілдеуік шағып, қабығын жерге лақтырған. Ол осы әрекетімен ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орынды ластады», - делінген хабарламада.
Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚтК 435-бабы бойынша айыпты деп танылды, оған 7 АЕК айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript