БҚО-да экстремистік іс-әрекеттер жүргізген Абдулхалил Абдужаббаров жайында не білеміз?
Zakon.kz
Абдужаббаровтың қалыптастырған «тәкпірлік» идеологиясын ұстанған бірнеше мұсылмандар, таяу шығыстағы орын алып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысу мақсатында жанұяларымен бірге шығып кеткен.
ОҚО-ның тумасы Абдулхалил Абдужаббаров еліміздің Батыс аймағында экстремистік идеологияның негізін салушы. Оның уағыздарын тыңдаған жастар қолына қару алып, халықаралық террористік ұйымдардың қатарына қосылуға ниет білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзіне шейх Халил деген діни лақап есім қойған эсктремист Абдужаббаров 1993-1999 ж.ж. аралығында Пәкістан Республикасының Исламабад қаласында орналасқан «Халықаралық Ислам Университетін» гуманитарлық теология ғылымдарының саласында Ислам ілімі бойынша терең білім алған.
Абдужаббаров аталған университетте оқып жүріп, «тәкпірлік» экстремистік идеологиясының ағымына түсіп, 1994 жылы заңсыз Ауғанстан Республикасына өтіп, осы елдің аумағындағы террористік іс-қылмыстарды, оның әдіс-тәсілдері мен дағдыларын даярлайтын «мұджаһидтерді» (содырларды) арнайы үйрету лагерінен жаттығулардан өткен.
1999 жылдың маусым айынан 2003 жылдың ақпан айы аралығында Абдужаббаров Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы жеке «Даруль-Арқам» медресесінде мектеп жасындағы балаларға құран оқуды үйрету мұғалімі, Қазақ-Кувейт гуманитарлық Академиясының дінтану факультетінің кафедра лаборанты, аға оқытушысы лауазымдарында қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы шариат заңдарына бағынбайтындығын ескеріп, ҚР Ата Заңы – Конституциясын және өзге заңнамаларын мойындамай, іштей жоққа шығарып, «тәкпірлік» көзқарастағы теріс ағымды ұстануға толықтай көшкен.
2002-2006 жылдары аралықта Абдужаббаров Батыс өңірінің мешіттерінде араб тілімен діни білім бар адамдар аз екендігі туралы мәліметтер алып, Қазақстанның батыс өңірінде, соның ішінде Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын мұсылмандар арасында, соның ішінде жаңадан дінге бет бұра бастаған, ислам дінінен хабары аз жастарға исламдағы фундаменталистік «тәкпірлік» идеологияны тарату жолымен, олардың дәстүрлі ислам дініне деген көзқарастарын экстремистік бағытқа бұру арқылы өзгертуді көздеген.
Абдужаббаров осы қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, 2003 жылы Атырау қаласындағы «Иманғали» атындағы орталық мешітінің ішінде ашылып жатқан медресеге араб тілін үйретуші мұғалімі ретінде дәріс беруге жұмысқа тұратын болып келісімге келіп, мұғалімдік қызметіне кіріскен. Артынан оның радикалдық көзқарастары байқалып, мешіт жамағатының арасында келіспеушіліктер (фитна) туып, Абдужаббаровты имамнан жоғары қойып, соңғысының айтқанымен ғана жүретін, имамға бағындайтын топтар пайда болғаннан кейін, ол қызметінен қуылған. Дегенмен, өзінің идеологиясын таратуды тоқтатпай, жақтастарына арнайы өзіне мешіт салып беруді ұсына отырып, Атырау қаласының Рембаза ауданында ҚМДБ-на бағынбайтын, «Ат-Тахуа» мешітін салдырған. Өзінің іс-әрекеттерімен құқыққорғау органдары тарапынан назарға іліккенің сезінген Абдужаббаров, Атырау қаласындағы ушығып келе жатқан жағдай біраз тынышталғанға дейін Орал қаласында уақытша тұруға шешім қабылдаған.
Орал қаласына келгеннен кейін, жергілікті мұсылмандардың діни сауаты төмен екендігін және өзінен білім алуға құлшыныс танытқандар саны көп екендігін байқап, «тәкпірлік» иеологиясын Орал қаласына таратуын жалғастырған. Өзінің «тәкпірлік» көзқарасын қолдаушылар саны көбейгенін ескере отырып, Абдужаббаров оларды мешіт имамына бағындай, дәстүрлі исламнан алшақтатып, өзімен келіспегендерді «мурджиит» (адасқандар) деп айыптауға шақырған. Осы уақыттан бастап, мешітке келушілер діни келуспеушіліктерге байланысты екіге бөлініп, дін алаузыдық және бірін-бірі жеккөрушілік сипаттағы араздықтар орын алған.
Дәл осындай жағдай, 2004-2005 жылдары Абдужаббаровтың 1-2 мәрте қысқа мерзімге Ақтөбе қаласына келіп кеткенен кейін ақтөбелік мұсылмандар арасында да орын алған.
Әр облыстарда оған «тәкпірлік» идеологиясын таратуға тосқауыл қойылғаның түсінген Абдужаббаров өзінің сол жердегі жақтастарынан ізбасарларын дайындап, идеологиясының кеңінен таралуы үшін аудиожазбалар жаза отырып, диск және касеталар арқылы уағыздарын таратқан.
Нәтижесінде, Абдужаббаровтың экстремистік бағыттағы аудио лекциялары 2007-2011ж.ж. аралық кезеңде интернет желілерінің көпшілікке қолжетімді сайттар арқылы кеңінен таралып кеткен.
2006 жылың мамыр айының шамамен орта тұсында Қазақстанның батыс өңіріндегі Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларының жергілікті тұрғындарының наразылықтары күрделіленіп, күшеюіне байланысты, Абдужаббаров өзінің экстремистік іс-әрекеттері әшкереленіп, құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық қудалауға ұшырап қалу мүмкіндігін алдын ала сезініп, сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, өзінің отбасы мүшелерімен, Қазақстан аумағынан шетелге, Түркия Республикасы арқылы Сауд Арабия Корольдігіне кетіп, 2017 жылға дейін аталған елде болған.
Осылайша, Абдужаббаров 2003-2006 ж.ж. аралық кезеңде еліміздің батыс өңірінде орналасқан Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларында діни білімі аз жергілікті тұрғындар арасында «тәкпірлік» көзқарастағы экстремистік идеологияны насихаттап, діни араздық пен алауыздықты қоздыруға қасақана бағытталған экстремистік іс-әрекеттерін жүргізіп, мұсылмандар қауымы арасында «тәкпірлік» экстремистік идеологияның кеңінен таралуын негізін қалаған.
Нәтижесінде, 2007-2016 ж.ж. аралығында Абдужаббаровтың ықпалымен Ислам дінінің радикалды «тәкпірлік» идеологиясын ұстануға көшкен көптеген діндар адамдар тарапынан, соның ішінде М.Мақұлбек (діни лақап есімі – «Абдулазиз», «Ат-Тахуа» мешітінің имамы), К.Мухамбеткалиев (діни лақап есімі – «Шейх Қайрат»), М.Испаев, Е.Ахатовтың террористік тобының мүшелері, 2011 жылы Атырау қаласында террористік қылмыс үшін сотталған 47 жақтаушысы және тағы басқа тұлғалар еліміздің бес уақыт намаз жасамайтын азаматтарын және құқық қорғау органдары мен билік өкілдерін «кәпірге» жатқызып, оларға «тәкпір» жариялап, күпірлікке қарсы қарулы «жиһад» жасау идеяларын қолдап, діни өшпенділікпен бірқатар экстремистік және террористік қылмыстар жасағандары үшін әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған.
Сонымен қатар, Абдужаббаровтың қалыптастырған «тәкпірлік» идеологиясын ұстанған бірнеше мұсылмандар, таяу шығыстағы орын алып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысу мақсатында жанұяларымен бірге шығып кетіп, бірқатар ата-ананың көз жасына қалды. Солардың ішінде, 2004-2006 жылдары Абдужаббаровпен жақын араласып, уағыздарына қатысып, ықпалына түскен ізбасарлары Даурен Алдонгаров, Ержан Копбулсынов және Бейбіт Рыскалиевтерге террористтік іс-әрекеттерге қатысқаны үшін құқыққорғау органдары халықаралық іздеу жарияланған.
Фото: central.asia-news.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript