Лента новостей
0

Қатонқарағайда үйде мәйіті табылған балалардың денесінде соққы іздері бар

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2017 21:55 Zakon.kz
Оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
ШҚО Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында жеке үйлердің бірінен әйел мен екі кішкентай қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Тілшілерге сұхбат берген облыстық ІІБ баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, кезекші полицияға хабарлама кеше кешкі сағат жетілер шамасында түсіп, жедел топ оқиға орнына бірден барған.

Оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

«ІІД-нің жедел-іздестіру тобы Үлкен Нарын ауылына келіп жетті. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптама тағайындалды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қаза болған Қатонқарағай ауданының тұрғыны 34 жаста болған, ал үлкен қызы 10 жаста, кішісі 8 айлық екені анықталды. Мәйіттерді тексеру кезінде олардың қинап өлтірілгені анықталды. Дегенмен әлеуметтік желіде әйел өзіне қол жұмсады деген ақпарат тараған еді.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары ІІД басшысының ерекше бақылауына алынды. 99 бап (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция 34 жастағы ананың өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігіне қатысты ештеңе айтпады.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: