Қарағандылық азамат өзінің өлімі жайында куәлік жасатып түрмеден қашып кетті
Zakon.kz
Жас жігіт пәтерді жалға алып, оны өзгеге сатып 300 мың теңге пайда тапқан.
Алаяқтық әрекетімен айыпталып жатқан 23 жастағы жігіт өзінің өлімі жайында құжат жасатқан. Куәлікке байланысты сот оған қатысты қылмыстық істі тоқтатқан, деп жазады stan.kz, “Криминальные новости” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Жас жігіт пәтерді жалға алып, оны өзгеге сатып 300 мың теңге пайда тапқан.
Алаяқ тез қолға түсті. Оның құжаттары үй иесінде болған. К. есімді азаматқа 3 бап бойынша айып тағылуда. Ол медициналық оқу ордасының түлегі, бұрын сотталған. Одан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат жазылып алынды.
Дәрігер алаяқ өз өлімін дәлелдейтін құжатты қалай жасату керектігін білген. Ол компьютерден жазып алған анықтама қағазында: “Полицейлер мен жедел жәрдем қызмет бөлімінің ұйғарымымен 1993 жылғы К. есімді азаматтың өлімі тіркелді. Бұл анықтаманы принтерден шығарып, бұлыңғыр мөр басады. Анықтаман қағазын Дүйесембеков Т.И. нотариусы растаған. Алаяқ мөр мен штампқа ғаламтор арқылы тапсырыс берген.
Бұл іске бұрынғы курстас қызы араласқан. Ол өзін күдіктінің әпкесімен деп таныстырған. Ол анықтаманың көмегімен өлімі жөнінде куәлік алады.
Күдікті осыдан соң пәтер жалдап, оны сатумен ақша табуды ойлаған.
Сатып алушыға үйді 4 млн теңгеге дейін арзанға бермек болады. Тіпті айлап төлеуге де келіседі.
“К. маған үйдің өзіне берілгені жөнінде келісім шарт берді. Оны нотариус растаған. ХҚКО-дан анықтама көрсетті. Банктен несие алып, оған 2 млн теңге бердім. Ол маған келісім мен пәтердің кілтін берді. Келесі күні нотариустан келісімді рәсімдемек болдым. Бірақ ертесі күні ол менің қоңырауыма жауап бермеді. Кейін пәтерді иесі келіп, оның жай ғана үйді жалға алғанын айтты. Ол балаларымен пәтерде бәрнеше күн тұратынын айтыпты”, дейді сатып алушы.
Алаяқ өз әрекетінің салдарынан ұсталды. Ол көлік алып, онымен жол ережесін бұзған. Полицейлер құжатын тексере отырып, оның мерт болғандар санатында екенін көріп таңғалады.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript