Құрылысшылар мерекесіне орай BI Group компаниясы 15 қызметкерін марапаттады
Zakon.kz
Қазақстанда өткен демалыс күндері инфрақұрылым ауқымын кеңейтіп, басты қажеттіліктер мен жеке баспаналы болуды армандайтын қазақстандықтардың қалауын жүзеге асырып жатқан еңбек адамдары – құрылысшылар, өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті.
Салтанатты рәсімде BI Group компаниясы өзінің 15 қызметкеріне адал еңбегі мен құрылыс саласына қосқан үлесі үшін, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» мен «Қазақстан Республикасының Құрметті жолшысы» жоғары мемлекеттік атағын беріп, ұлықтады. 180 адам дипломдар мен алғыс хаттарға ие болса, 48 қызметкер арнайы корпоративті бағдарлама бойынша баспанаға жеңілдіктер алды.
BI Group 22 жыл ішінде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй, 1500 км автожол мен 700 км теміржол, оған қоса, мектеп пен ауруханадан бастау алып, көпір мен жолдардан тұратын көптеген инфақұрылым нысындарын тұрғызды. Компания дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қарқынды жұмып атқарып, инфрақұрылымның құрылысына орасан зор үлес қосты. BI Group әлеуметтік ең белсенді компаниялардың бірі болып танылды. Тек 2016 жылдың өзінде «BI-Жұлдызай» корпоративтік-қайырымдылық қорының шеңберінде, ерекше қажеттіліктерді қажет ететін балаларды қолдап, өз қызметкерлерінің жеке дамуына үлес қоса отырып, $10 млн долларды құрайтын әлеуметтік-қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Бүгінде Қазақстан мен шет елдерде компанияның 85 жобасында 25 мыңнан астам адам еңбек етсе, 7 мың білікті маман штатта жұмыс жасайды.
Солардың бірі Сергей Сиваев – тәжірибелі жол қызметкері. Ешқашан өмірін құрылыспен байлыныстыратынын ойламаған, экономика факультетінде оқып жүрген Сергей, құрылыс факультетіне ауысып кеткен. Кейінірек, Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын бітірді. 18 жасында әкесінің жұмыс орнына тәжірибеден өтуге келеді. Жас жігіт табандылығының арқасында бірден жұмысқа қабылданады. Қазір Сиваевтар әулетінің BI Group компаниясында жұмыс жасап жатқанына 10 жылдан асты. Сергей көптеген ірі жобаларға атсалысқан: Астана-Щучье, Батыс Еуропа - Батыс Қытай, Алматы - Қапшағай, Астана-Павлодар-Шідерті жолдары. Биыл Сергей басқа әріптестері сияқты Парижге жолдамаға ие болды. Құрылысшылар күні Сергей құрылысшы мамандығында оқитын, өзінің сүйіктісі - Анастасиямен отау құрды.
- Сүйікті компанияма өмірімде болып жатқан әрбір сәт үшін алғысымды білдіргім келеді. Еліміздің маңызды жобаларына үлес қосып, компанияның арқасында шет елде де болдым. Болашақ жарым оқуға түсейін деп жатқанда, қайда барарын білмей, көп ойланды. Жол академиясына түсу – біздің бірлескен шешіміміз. Енді, отбасымыздың мүшелері құрылысшылардан құралатын болды,- дейді жол дивизионының бас мастері Сергей Сиваев.
Жиналған қауымға Ресей мен Қазақстан эстрадасының әншілері әннен шашу шашып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript