ОҚО-да құтыру дертінен 2 адам мерт болды
Zakon.kz
Тағы бес тұрғын аса жұқпалы деген сібір жарасы мен аусылды жұқтырған.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2 адам құтыру дертінен қайтыс болған, деп жазады stan.kz.
Тағы бес тұрғын аса жұқпалы деген сібір жарасы мен аусылды жұқтырған, деп мәлімдеді өңірдің ауылшаруашылығы басқармасында өткен брифингте мал дәрігері бөлімінің басшысы Базарбек Омаров.
Мал дәрігерінің сөзіне қарағанда, қара малдан ауру жұқтырған бес адам дер кезінде дәрігерге қаралып, тиісті ем қабылдаған.
Осы орайда, сала мамандары үй жануарларынан жұғатын вирусты инфекциялардың тарап кетпеуі мен оны алдын алу бойынша сақтық шараларын күшейтуді қолға алмақ.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript