Бір аптаның ішінде пәтерін заңсыз жалға беріп отырған 500-ден астам ақтөбелік анықталды
Zakon.kz
Аталған шара барысында 492 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.
Салық комитетінен табысын жасырған жалға берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, «Пәтер жалдаушы» жедел алдын алу шарасы екінші қайтара өтті. 9-14 тамыз аралығында 522 жалға берілетін пәтер анықталды. Табысын жасырған адамдарға қатысты хаттамалар салық комитетіне жолданды.
Айта кетейік, аталған шара барысында 492 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, 287 рет көші-қон заңнамасы бұзылды, 136 ұсақ бұзақылық тіркелді, кешкі уақытта тыныштық бұзылды. Барлық әкімшілік заңбұзушылықтарға қатысты шаралар қолданылды.
Қамбар Мұқаш
Фото: Aktobenews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript