Лента новостей
0

Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші жоғарылаған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2017 22:23 Zakon.kz
Алексей Цой ана өлімінің себептеріне қатысты есепте нақтыланбаған жайттардың бар екендігін айтты.
2017 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 4,5 процентке артқан. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ана өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар, СҚО мен Алматы облыстарында байқалып отыр. Ал республикалық дәрежеде аталған көрсеткіш 2 процентке азайып, 7,46 процентті көрсеткен.

«Ана өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелді», - деді вице-министр.

Сонымен бірге, Алексей Цой ана өлімінің себептеріне қатысты есепте нақтыланбаған жайттардың бар екендігін айтты.

«Соңғы үш жылдың сараптамасы ана өліміне көп жағдайда қан айналымы себеп болып отырғанын көрсетті. Екінші кезекте тыныс алу ағзалары себеп болып отыр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша тура сол жағдай қайталанған. Әлемдік жағдайда ана өлімінің екінші себебі білімсіздіктен болып жатады. Осы бағыттарда қайта сараптама жүргізу орынды деп есептеймін», - деді ол.

Фото: inform.kz
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: