Қарағандыда күзетшіге 6 келі алтын ұрлығы бойынша айып тағылып отыр
Zakon.kz
Келтірілген шығын 226 миллион теңгені құраған.
Қарағандыда «Әлем» сауда үйінің 12 бутигінен 6 келі алтын тонау әрекеті күзетші мен оның досына қатысты сот процесі басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Жандос Асанов есімді күзетші 2016 жылдың 28 наурызында дабысл белгісін қоспаған және нысанды орталық күзет қызметіне өткізбеген. Қарағанды ІІБ оңтүстік шығыс ІІБ-ның тергеу нұсқасы бойынша өзінің танысы Данияр Әбдірамановпен 12 бутиктен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Осыдан кейін сейфтер қопарылып, сауда бөлімдерін жалға алып жатқан кәсіпкерлердің ақшасы қолды болған. Нысан онлайн-режимде жұмыс атқаратын, бейнежазбасы флешкаға жазылатын бейнабақылау камерасының барын білетін екі күдікті медициналық бетперде киіп алған. Ұрлық іске асырылғаннан кейін нысан орталық сигнализацияға қосылған.
29 наурызда «Әлем» сауда үйі әкімшілігінің қызметкерлері жұмысқа келіп, ұрлықтың болғанын көргеннен кейін полицияға хабар берген. Ал күзетші Жандос Асанов жұмыс орнынан табылмаған. Оның аталған сауда үйіне жұмысқа орналасқанына бар-жоғы 1 ай ғана болыпты. Оған іздеу жарияланып, Қарағанды қаласының барлық ломбардтарына Асанов немесе оның зайыбы, әлде әпкесі алтын өткізуге келсе бірден хабар беру керектігі туралы ескертілген.
Күзетшінің туысының қылмысқа қатысы болуы мүмкіндігінен полиция қызметкерлері күдіктенбеген көрінеді. Арада төрт ай өткеннен кейін күзетші мен екінші күдікті қолға түскен.
Ұсталғандардың бірінің адвокаты Лидия Арзамасова полиция бөліміне 6 келі алтын мен 9 мың АҚШ долларын әкеліп, өз қорғауындағы адамның ауласына бұл құнды заттар мен ақшаны біреулердің әкеп тастағанын айтып берген. Жәбірленуші кәсіпкерлер бұл нұсқаға сенбей, адвокаттың оларды ақтап алуына күш салып жатыр деп мәлім етті.
Жәбірленушілер 6 келі алтынды күдіктілерден тәркіленген зат ретінде тіркеуді сұрады. Ақыры, тергеуші Арзамасованы қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде таныды.
Бір сот ісінде куәгер әрі адвокат болу заңға қайшы. Осы себепті, Арзамасова адвокат ретінде қатысудан шеттетілді. 6 келі алтынның барлығы кәсіпкерлерге қайтарылып берілді.
Келтірілген шығын 226 миллион теңгені құраған.
«Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Гүлнар Дегенова судья болып тағайындалды», - деп хабарлайды Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №1 сотынан.
Сотталушыларға ҚР ҚК 188-бабы 3 және 4-бөлігі айып тағылып отыр.
Фото: vzglyad.az
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript