Оралда алаяқтың арбауына түскен зейнеткер 1 млн теңгесінен айырылып қалды
Zakon.kz
Тек соңғы аптада 9 алаяқтық әрекет тіркелген.
«Жедел ұтыс ойынының жеңімпазы болдыңыз» деген сөзге алданған қария Бөрлі ауданының тұрғыны екен. Дәл осыған ұқсас жағдайлар Орал қаласында да тіркелді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Құрманғазы мен Молдағұлова көшелерінде араға 3 сағат салып екі бірдей тұрғынның 225 000 теңгесін «олжалаған» алаяқ әлі іздестіріліп жатыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдегендей, тек соңғы аптада 9 алаяқтық әрекет тіркелген.
«Адамдардың сеніміне кірген алаяқтар алдау жолымен жылжымайтын мүлік пен құнды дүниелерін қолды ету фактілері азаймай отыр», – дейді прокурорлар.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript