Семейдегі Мұхтар Әуезов музейі «Қазақстанның жалпыұлтық киелі орындары» тізіміне енді
Zakon.kz
Діни орындары мен тарихи тұлғалар тұрған ғимараттар 100 нысанның тізіміне енген.
Семейдегі Мұхтар Әуезов музейі «Қазақстанның жалпыұлтық киелі орындары» жобасы аясында 100 нысанның тізіміне енді, деп жазады altaynews.kz.
«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалидің айтуынша, аталмыш жоба аясында еліміздің ең көрікті табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, сондай-ақ, діни орындары мен тарихи тұлғалар тұрған ғимараттары 100 нысанның тізіміне енген.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында осы жобаны қолға алдық. Жалпы, біздің орталықтың мамандары еліміздің киелі орындарын зерттей отырып, кейінгі жастардың бойына патриотизм сезімін ұялатып, олардың ерік-жігері мықты азамат болып өсуіне ықпал еткісі келеді, — дейді Берік Әбідғали.
Фото: altaynews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript