Оралда қоқыс төгіп жатқан "КамАЗ" жүргізушісі тоқ соғуы салдарынан қаза тапты
Zakon.kz
Оралда жүк көлігі электр желісіне тиіп кетіп, салдарынан өрт шыққан.
Жүк көлігі электр желісіне тиіп кетуі салдарынан жүргізуші қаза тапқан, деп жазады sputniknews.kz, "Мой город" порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, сәрсенбі күні таңертең Шолохов көшесінде "КамАЗ" қоқыс төгу үшін, кузовын көтереді де, жанып кетеді.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Бірақ жүргізуші олар келгенше қаза тапқан.
Фото: sputniknews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript