СҚО-да 600-ден астам көліктің шағын үлгісін жинаған коллекционер тұрады
Zakon.kz
Шебердің әдеттен тыс әуестігі балалық шағынан басталған.
47 жастағы Юрий Родионов бүгінде үйінің бір бөлмесін тіпті шағын мұражайға айналдырған. Барлығы да кеңестік кезеңнің машиналары. Мұнымен қоса ол өзі де ауыл шаруашылығы техникаларының моделін жасаумен айналысады, деп жазады Хабар телеарнасы.
Саусағы майысқан шебер Юрий Родионов бос уақытында ауыл шаруашылығы техникаларының шағын үлгісін жасайды. Ол үшін тек қолда бар материалдарды ғана пайдаланады екен. Мәселен мынадай комбайнның моделін құрастыруға азамат шамамен бір жылын сарп етіпті. «Себебі қозғалтқыш пен дестелегіші сынды қосалқы бөлшектерін айнытпай салу қажет», – дейді ол.
Шебердің әдеттен тыс әуестігі балалық шағынан басталған. 14 жасында оған ата-анасы «Ваз-2101» автокөлігін сыйға тартыпты. Сол кезден бастап Кеңестік кезеңнің көліктерін жинап келеді. Бүгінде оның коллекциясы 600-ден асты.
Юрий Родионов, коллекционер:
-Аграрлы аймақта туған соң ба, ауыл шаруашылығы техникаларын жинағанды қатты ұнатамын. Мына дүниелерге қарасам, балалық шағым есіме түседі. Ал өзімде жоқ техникаларды қолдан жасауға тырысамын. Иә бүгінде мұнда ретрокөліктердің өзі бір төбе. «Москвич», «Жигули», «Запорожец» сынды машиналар әр сөреде бөлек орналасқан. Жалпы айта кету қажет бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында Юрий секілді 5 көлік жинаушы бар екен.
Самат Қайырденұлы, тілші:
-Коллекционердің ең бір қымбат дүниесі – «Победа» автокөлігі. Юрий мұны шашамен 2 жылдан астам уақыт жинаған. Қалай дейсіздер ғой. Сериялық журналды сатып алу арқылы, мұның әрбір қосалқысы келіп отырған. Қазір бұл машинаға шамамен 70 жылдан астам уақыт болған. Салмағы 7,5 келіні құрайды.
Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура
Фото: drive2.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript