Лента новостей
0

Алматы тұрғыны қымбат алкогольдік ішімдіктерді өз үйінде заңсыз әзірлеп сатқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2017 10:21 Zakon.kz
Пәтер ішінен ішімдіктің қақпағын бұрайтын автоматты станок анықталған.
Алматы тұрғыны қымбат алкогольдік ішімдіктерді өз үйінде заңсыз әзірлеп сатқан. Оңай олжаға батып отырған ер азаматтың әрекетін салықшылар әшкере қылды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Жасырын жолмен пайда тапқысы келген Алматы облысының 29 жастағы тумасы болып шықты. Күдікті арзан виски мен қазақстандық коньякты араластырып, құны қымбат ішімдік дайындаған.

Тексеріс кезінде оның үйінен жалған акциз маркісі жапсырылған 260 бөтелкеден астам қымбат виски тәркіленген. Бұған қоса, 7000-нан астам ішімдік қақпағы мен контрафактілік акциз маркалары табылыпты.

Одан өзге, пәтер ішінен ішімдіктің қақпағын бұрайтын автоматты станок анықталған.

«Қашан сатылғаны, кімге сатылғаны, қай кезден бастап өндірілгенін тергеу амалдары аяқталған соң толық сіздерге айта аламыз. Тұтынушыларға айтарымыз, алкогольдік өнімдерді белгісіз жерлерде сатып алмаңыздар. Міндетті түрде чекті және алкогольдің лицензиясын талап етіңіздер. Сонымен қатар, Wipon қосымшасы бар. Оны тегін жүктеп алуға болады. Сол қосымша арқылы акциздің маркісі контрафактілі ме, әлде шынымен бе соны анықтауға болады», - деді МКД түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар Шындали.

Жалған кәсіпкерлікпен айналысқан азамат қазір уақытша қамауда отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 4-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Alcoonline.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: