Психотроптық заттарды сатпақ болған Ақтау қаласының екі тұрғыны сотталды
Zakon.kz
Психотроптық заттарды алған белгісіз тұлғаға қатысты іс материалдары басқа өндіріске берілді.
Ақтау қалаының екі тұрғыны психотроптық заттарды жібергені үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Қазақпарат, lada.kz жариялаған ақпартқа сілтеме жасап.
«Іс материалдары бойынша, Ақтаудың екі тұрғыны, 28 жастағы К. мен 31 жастағы Ш. аса ірі көлемде МДМА (экстаз) психотроптық заттарды бірлесіп өткізуге келіседі. Осы мақсатта олардың біреуі Алматыға барады, екіншісі психотроптық заттарды алу үшін оның шотына 230 мың теңге аударады. Ол шоттан көрсетілген соманы алып, үстіне 85 мың теңге қосады және белгісіз біреуден есірткі сатып алады. Бұдан кейін ол есірткілерді электрондық планшеттің аккумулятор батареясының орнына салады. Кейіннен оны пошта арқылы Ш.-ға жібереді», - деді Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы Азат Ізбасаров.
Полиция қызметкерлері екеуін де ұстады. Сотта екеуі де өз кінәларын мойындады. Судья оларды ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 1,3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпты деп танып, жеке мүліктерін тәркілеп, 10 жылға бас бостандықтарынан айырды.
Психотроптық заттарды алған белгісіз тұлғаға қатысты іс материалдары басқа өндіріске берілді.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript