Лента новостей
0

Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын арттырады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.08.2017 12:16 Zakon.kz
Екі ел арасындағы достықты арттырып, өзара түсіністікті тереңдете түседі.
Алдағы 5 жылда Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын 200-ге дейін арттырады. Қазір көрші елде білім алып жатқан 14 мыңға жуық студенттің 1 100-і тегін оқиды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бұл екі ел арасындағы достықты арттырып, өзара түсіністікті тереңдете түседі. Екі апталық жазғы лагерьге барған қазақстандық оқушыларды қабылдаған Қытай Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюнь осылай дейді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты жалғайтын жастардың өзара түсіністігі маңызды.

Бұл күндері Қазақстанның әр қаласынан жиналған оқушылар Қытайда жазғы демалыста жүр. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар қаласынан келген жасөспірімдер Үрімші, Бейжің, Харбин қалаларында болып, жергілікті мәдениетпен танысады, оқу орындарын аралайды. Жалпы Қытайдың Білім министрлігі 2014 жылдан бері ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің оқушыларын жазғы лагерьге шақырып келеді. Бұған дейін бұл елде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстанның оқушылары тегін демалып қайтқан.

Тянь Сюэцзюнь, ҚХР Білім министрінің орынбасары:

- Қазақстан біздің батыстағы ең үлкен көршіміздің бірі. Қытайда мынадай бір жақсы сөз бар: «Алыстағы туысыңнан іргедегі көршің артық» деген. Бүгінде Қытайға келіп жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан студенттердің саны 14 мыңға жетсе, сіздерге барып оқитын қытайлық жастардың да саны жыл санап артып келеді. Бұл жолы Қазақстаннан келген 138 адам елдің әр аймағын көрді, жақыннан танысты. Біз бұл шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Асыл Аманкелдиева, Астана қаласы білім басқармасының бас маманы:

- Оқушылардың жолдарын ата-аналар өздері көтеріп отырса, Қытайдағы барлық жүріп-тұруы, қала арасындағы ұшып-қонуы тегін. Сырттағы елдің мәдениетін таныса, екі ел арасындағы достықты әрі қарай жалғастыру осы өсіп келе жатқан жастардың қолында.

Фото: mygorod.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: