Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды
Zakon.kz
Ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс.
Алланың разылығынан үміттенген жандар құрбандыққа соятын малды таңдауда өте мұқият болу қажет. Құрбандықтың Алланың құзырында қабыл болуының мұсылман үшін маңыздылығын ескерсек, бірінші ықылас-ниет дұрыс болуы, екінші сойылатын мал жарамды болуы керек, деп жазады muftyat.kz.
Мүфтияттың ресми сайтында: "Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асып екінші жылға кіргені, сондай-ақ алты айлық марқа қозы (үлкен қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Сиырдың екі жасқа толып, үшінші жылға кіргенін, ал түйеден жасы бес жылдан асып, алтыншы жылға кіргенін құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек" делінген (fatua.kz)
Осы орайда ҚМДБ, биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайды деп ескертеді. Өйткені тоқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің кейбір өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда.
Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескергені абзал.
«Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған малдың мүйізі, қылы және тұяқтары қиямет күні мол сауап әкеледі. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз» (xадис).
Фото: skidcard.kz

Қойдың бір жасы шамамен 6 ай. Себебі, саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады, яғни орташа есеппен 5 ай 10 күн (kk.m.wikipedia.org). Сол үшін шариғатта алты айдан асқан тоқты құрбандыққа жарамды делінген.
Осы орайда ҚМДБ, биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайды деп ескертеді. Өйткені тоқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің кейбір өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда.
Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескергені абзал.
«Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған малдың мүйізі, қылы және тұяқтары қиямет күні мол сауап әкеледі. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз» (xадис).
Фото: skidcard.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript