Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды
Zakon.kz
Азаматтардың ұсталғандығы туралы құқық қорғау және өзара іс-қимыл жасау органдарына хабарланды.
Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен Қазақстан шекарасын қиып өтпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы» шекара бақылау бөлімшесі жасағы «Тбилиси-Алматы» бағытындағы рейстен Түркияның 6 азаматын ұстады. Олар тексеруге осы елдің азаматтарының құжаттарын ұсынған. Құжаттардан жалған құжат белгілері анықталды», - делінген хабарламада.
Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан арқылы Еуроодақ елдеріне шығып кетпек болған.
Азаматтардың ұсталғандығы туралы құқық қорғау және өзара іс-қимыл жасау органдарына хабарланды.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript