Алматы облысы тұрғыны қызын зорлаған азғынға кешірім бермекші
Фото: zakon.kz
Сегіз жасар қызды өз үйінде анасы дүкеннен ішімдік алуға кеткенде зорлаған.
Алматы облысы Жансүгіров ауылы тұрғындары 8 жасар қызын зорлаған азғынды кешірмек болған әйелдің әрекетіне наразы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зорлау туралы дерек Facebook желісіндегі " Талдыкорганец " тобында жарияланған. Жансүгіров ауылының тұрғындары хабарлағандай, 28 тамыз күні түнде 8 жасар қыз баланы аяусыз зорлап кеткен. Бүлдіршін кедей отбасында өсіп келеді, анасы арақ алу үшін дүкенге кеткенде зорланған. Қызды зорлады деген күдікке оның анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт ілінген. Баланың айғайын естіген көршілері жүгіріп келіп, азғынды ұстапты.
Ауыл тұрғындарының сөзіне сүйенсек, ер адам уақытша ұстау изоляторында отырған, алайда қыздың анасының қарсы шағымынан кейін босатылыпты.
"Ол үйін жөндету үшін арызды қайтып алыпты. Баланың жайы не болмақ?! Біздің ауылдың тұрғындары түгел наразы. Баланың құқығын қорғауды сұраймыз", — деп жазады ауыл тұрғындары.
Алматы облысы полициясы баланың зорланғандығы туралы деректі растады, күдікті қамауда деп мәлімдеді.
Жақында сот-медициналық сараптама қорытындысы шығады екен.
Фото: sputniknews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript