Павлодар облысында 110 тонна шөп жанып кетті
Zakon.kz
Зардап шеккендер жоқ.
Успен ауданында 110 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
- Бұрынғы Образцовка ауылының аумағында орналасқан «Еңбек» фермерлік шаруашылығында мал ұстайтын бос базаның төбесі жанып, төменге опырылып түскен. Нәтижесінде қызыл жалын 110 тонна шөп пен 1334 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ пен мамандар жұмыс істеуде. Өртті ауыздықтауға жеке құрам мен фермерлік шаруашылықтан, еріктілер қатарынан 18 адам мен бес техника жұмылдырылды, - деді департаментте.
Успен ауылдық округінің әкімі Александр Калинаның айтуынша, тілсіз жау шамамен түнгі сағат екі мен үштің аралығында орын алған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript