Екібастұзда 22 адам тілсіз жаудан құтқарылды
Zakon.kz
Өрт сағат 21.19-да ауыздықталып, сағат 21.28-де толығымен сөндірілген.
Екібастұзда бірінші қабатта бір бөлмелі пәтерде лифт қызметінің № 173 кезекшілік бөлімінде өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, қызыл жалын жиһаз бен терезе жақтауын шарпып, 15 шаршы метр аумақ жанған.
- Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника мен екі звено жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жетінші қабаттан баспалдақ арқылы 22 адамды сыртқа шығарды. Оның 12-сі ересектер болса, оны – балалар.
Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың барлығы аман. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.
Диспетчерлік қызмет «Екібастұз лифт» ЖШС-не тиесілі. Өрт сағат 21.19-да ауыздықталып, сағат 21.28-де толығымен сөндірілген.
Ақбота Сейсенбаева
Сурет облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан алынды
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript