Лента новостей
0

Шығыс Қазақстанда аң шаруашылығы өркендеп келеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2017 10:30 Zakon.kz
Қысы қатты Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін бағалы тондардың орны бөлек.
Зыряндық кәсіпкер Валерий Мусиннің қожалығында күзен, қара және ақ түлкі сынды 500-ге тарта аң түрі бар. Қазір олардың терісінен тігілген киімдерге сұраныс та артқан, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қысы қатты Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін бағалы тондардың орны бөлек. Олар: «Сапалы сырт киімдерді шетелден сатып алғанша, өзімізден алған тиімдірек», – дейді.

Зырян ауданының тұрғыны Валерий Мусин осыдан 4 жыл бұрын аң шаруашылығымен айналыса бастапты. Қазір оның фермасы аймақтағы бірегей кәсіпорындар қатарына жатады.

Валерий Мусин, жеке кәсіпкер:

- Мен өмір бойы аң фермасын ашуды армандадым. Бастапқыда кедергілер көп болды. Осыдан төрт жыл бұрын Ресейден алғашқы қара және ақ түлкілерді алып келдім. Одан кейін қара күзенді алдырдым. Қазір қожалығымда 500-ден аса аң түрі бар.

Елімізде кезінде дүркіреп тұрған аң шаруашылығының бүгінде халі мүшкіл. Тұралап қалған саланы қайта түлетуді қолға алғандардың бірі – Мусиндер әулеті.

Валерий Мусин, жеке кәсіпкер:

- Менің мақсатым – Қазақстандағы аң терісі шаруашылығын дамыту. Бұған біздің ауа райы қолайлы. Қысымыз ұзақ, аңдар үшін жайлы. Азық қоры да жеткілікті, жанымызда су қоймасы бар. Сол жерден балық аулауға болады.

Аңды баптау оңай емес. Отбасылық кәсіпті дөңгелетуге отағасы 20 млн теңге жұмсаған. 2 млн теңге грант ұсынған мемлекеттің де үлесі бар. Енді шаруашылықты одан ары кеңейту үшін қосымша жер телімі қажет екен.

Мамай Бұтабаев, Зырян аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

- Бұл кісіге суы, кішкене шөбі бар жер керек. Ондай жерлер табылады. Өйткені ондай жерлер бар. Қарастырамыз.

Қазір бұл жерде бапталған аңдардың терісінен киімнің 20 түрі тігіледі.

Дмитрий Мусин, шаруашылық жұмысшысы:

- Біздің жұмысымыз осы. Жылы бас киімдер, күртеше шығарып жатырмыз. Бағалы тондар да шығару жоспарымызда бар.

Валерий Мусин кәсібінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқанын қалайды. Енді оның аң фермасының филиалы Алматы қаласында да жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: