Арқалықта астық алқабындағы өрттен ер адам қаза тапты
Zakon.kz
Қайтыс болған адам көршілес облыстан осындағы шаруа қожалығына жұмыс істеу үшін келген.
Арқалық қаласында астық алқабында өрт шығып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайтыс болған адам көршілес облыстан осындағы шаруа қожалығына жұмыс істеу үшін келген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт қауіпсіздік талаптарын орындамағандықтан болып отыр.
«Өндірістегі өрттер қауіпсіздік қағидаларын сақтамаудан, қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен өзіндік қауіпсіздіктеріне салғырт қарауға байланысты жиі орын алады. Бұл жолғы болған өрттің шығуына алдын ала себеп ретінде жұмыскердің мас күйінде темекі шегу барысында отты ұқыпсыз пайдалануы қарастырылып отыр» - делінген хабарламада.
Қостанай облысының ТЖД халықты оқыту және ақпараттандыру тобы барлық азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын мүлтіксіз орындауға және сақтауға шақырады.
Батыр Жолайұлы
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript