Лента новостей
0

Алматы облысында қараусыз қалған халық бар

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.09.2017 15:58 Фото: zakon.kz
Жағдайды реттей алмасада жұмыстарына көңілдері тоқ басшылар тұрғындардың құжаттарын реттеп жатырмыз дейді.
Қарасай ауданында қараусыз қалған халық бар. 400-ге жуық жанұя тұратын шағын ауылдың аты да жоқ. Су, жол, газ сынды коммуналдық қызметтен жұрдай. Ақ шаңның асты мен арам шөптердің арасында отырған ауылдың оқушылары мектепке 5 шақырымдай жолды жаяу жүріп жетуге мәжбүр, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұл аты жоқ ауылдың балаларын 5 шақырымдағы мектепке әкеле жатқан ата-аналар. Арам шөптің арасындағы жабайы жол көлікке де, жаяу жүргіншілергеде ортақ. Шаңдатып мектепке жеткенше шаршап қалатын балаларының өміріне алаңдаған ел жолдың азабын бес жылдан бері тартып келеміз дейді.

«Автобус жоқ, такси жоқ. Бірінші кезекте жолды істесе. Былтыр 3-5 мың теңгеден жинап халықтан өзіміз 20-30 камазбен төгіп шыққанбыз. Қалып кеткен Қарасай ауданындағы бір мемлекет сияқтымыз»,- деді Облыс тұрғыны, Талғар Керембеков.

Жұрт жол ғана емес жарыққа да жарымай отыр. Қураған шөп өртеніп, қолмен тартқан электр сымдары жанып кете береді екен. Атауы жоқ елді мекенде 400 жуық жанұя болса, әр үйде кемінде үш баладан бар дейді Кемертоған ауылдық әкімдігінің өтірік уәдесінен көңілдері қалған халық.

«Батпақ су ішеміз. Оны тачкімен тасып әкелеміз. Осында келіп тіршілік жасаймыз, жұмыс істейміз деп едік, енді жұмыстан бұрын тек бала бағу ғана қалды. Таңертең екеуін, түстен кейін екеуін мектепке апарам»,- деді Облыс тұрғыны, Нұрқанат Тұрсынқары.

Қаталаған ел бала-шағасымен қосып лай суды ішкеннен басқа амалы жоқ. Ауылға тек жеке компания газ тартып берген. Бірақ, қалтасы жұқа ел құны қымбат көгілдір отынды қостыруға қауқарсыз. Қараусыз қалған халыққа көмек беріп, олардың жұқтажын жоғарыға жеткізеді деген басшының сөзінен ұққанымыз осы.

«Жол мәселесіне тоқталсақ, қазіргі уақытта ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер болғандықтан жол салу мәселесі қарастырылмаған. Арыздарды қабылдап жіберіп жатырмыз. Біздің тараптан ешқандай кедергі жоқ әкімшіліктен»,- деді Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қайрат Смайлов.

Жағдайды реттей алмасада жұмыстарына көңілдері тоқ басшылар тұрғындардың құжаттарын реттеп жатырмыз дейді. Бірақ, баспана құжатының басым бөлігі әкімдік емес, ХҚКО арқылы бітеді. Кезіндегі егіс алқабын жеке меншіктеп алған қожайыннан жер сатып алған елдің әлі қанша қиналары белгісіз.

Әмірболат Құсайынұлы, Влад Шишко

Фото: mariuver.files.wordpress.com
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: