Алматы зообағында құрғаған тоғанның арнасы қайта толатын болды
Zakon.kz
Көл жағасындағы сырға талдар жастардың демалатын сүйікті орны болған.
Алматы зообағында құрғап қалған тоғанның арнасы қайта толатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев. Инстаграмдағы парақшасында жариялады. Тоғанды қалпына келтіруге бизнесмен Нәби Айтжанов көмектеспек.
«Алматы зообағының аты аңызға айналған тоғаны қайтадан суға толады. Жақында ол жерде түрлі экзотикалық құстар жүзетін болады. Көлге жан бітіруге көмектесіп жатқан Нәби Айтжанов досыма алғысым шексіз», - деді ол.
Директордың айтуынша, енді көлдің айналасындағы серуендейтін жолдар да толығымен жасалады. Бұған дейін бұл тоған зообақ келушілерінің басты демалатын орны болған еді. Көлдің ортасынан үлкен көпір өтетін.
Көл жағасындағы сырға талдар жастардың демалатын сүйікті орны болған. Айта кету керек, Алматы зообағының басшылығы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында тиімді жұмыс атқарып келеді.
Бұған дейін бизнесмендер Алькор атты ақ аюға, Амур жолбарыстарына, Гималай аюларына, тапирге жаңа баспана салып берген болатын.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript