Лента новостей
0

Батысқазақстандық тіл жанашырлары: жаңа әліпби, қазақ тілінің болашағы үшін өте маңызды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.09.2017 17:32 Zakon.kz
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасымен бірге ұлы рухани құндылықтары - тіл, мәдениет, білім мен ғылым да дамудың жаңа сатысына көтеріледі,- дейді Болат Жексенғалиев
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы қоғам қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады, дәлірек айтсақ, ұлттық санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіретін, ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын тарихи қадам ретінде қабылдады десек, бұл артық айтқандық емес, -деп ойын білдірді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев.

Ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын нақты қадамдардың алдыңғы қатарына қазақ тілі жазуын латын жазуына көшіру мәселесінің қойылып, нақты міндеттер белгіленуі де ұлттық сананы сілкінту, жаңғырту міндетінен туындап отырғандығы анық. Маңыздылығы, қажеттілігі жағынан, мүмкін тілдің ғана емес, тұтас қазақ ұлтының бүгіні ғана емес, болашағы үшін де бірегей, басты мәселе - ұлттық әліпби туралы мақалада айтылған тиянақты ой - қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Өйткені ұлттық әліпби тақырыбы ұлт зиялыларының көптен күткен әңгімесі еді.

Жазу жүйесінде болатын бұл өзгерістер «ұлт үшін деген ұлы іс» (А.Байтұрсынұлы) екендігі сөзсіз. Басты мәселе анық - қазіргі қазақ жазуына, оның емлесіне өзгерістердің сөзсіз қажеттігі. Жаңа әліпби, ең алдымен, қазақ тілі болашағы үшін, «қазақ тілін жаңғырту үшін» керек екендігін қазақ қоғамы бүгінде анық түсінді және бұл өзгерістерге дайын,- деді Болат Жексенғалиев.

Сондықтан да барлық батысқазақстандық тіл жанашырлары бұл тарихи бастамаға толық қолдау білдіруде, біз қоғам болып жан-жақты сараптау мен ой елегінен өткізуге, қорытынды шығаруға, болашақ міндеттерімізді айқындап, нақты іс-шаралар жоспарын жасауға, «ұлт үшін деген ұлы іске» жұмыла кірісуге әрдайым дайынбыз.

Осылайша, Тәуелсіз Қазақстанның экономикасымен бірге ұлы рухани құндылықтары - тіл, мәдениет, білім мен ғылым да жаңа кезеңде өрлеу мен дамудың жаңа сатысына көтерілетініне күмән жоқ.
Болат Жексенғалиев

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы (Орал қаласы)

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: