Лента новостей
0

Қарағандылық тұрғын өз үйінің ауласында қоқиқаз балапанын тауып алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2017 15:36 Zakon.kz
Қазақстанда қоқиқаз өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген құс.
Қарағандыда біздің аймаққа үйреншікті емес құс табылды. Медсанчасть ауданының маңында жер үйдің иесі Сергей Каубре ауласында қоқиқаздың балапанын тауып алған. Ол экзотикалық қонақты үйіне алып, арнайы мамандарға хабарласқан. Бұл туралы zakon.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

- Бізге қала түрғыны хабарласып, өзінің ауласында қоқиқазды тауып алғанын мәлімдеді, - дейді ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Абай Әлжанов. - Басында біз оған сенбедік. Сергей қателескен болар деп ойладық, себебі бізде қоқиқазды кездестіру - өте сирек болатын жайт. Ол кісі тырнаны тауып алған болар деп болжам жасадық. Алайда, онда барғанымызда ол жас қоқиқаз болып шықты. Біздің мамандар құсты кеңсемізге алып келді.

Мамандардың айтуынша балапан қамауда өскен қоқиқазға ұқсамайды, себебі мұндай құсты оның тамақтану ерекшелігіне байланысты асырау өте қиын. Қоқиқаздар тек тұщы су қоймаларында ғана өмір сүреді, жәнеде денесінде каротині бар кішкентай шаяндармен тамақтанады, соның арқасында құстардың қауырсындары қызғылт түске боялады.

- Балапан қанатын енді жайып, ұша бастаған соң осында ұшып келген болар, - деп болжамдайды Абай Әлжанов. - Ол адамдардан мүлдем қорықпайды. Ал оның адамдардың үйіне келуі, әбден шаршап шалдыққанын, жәнеде көмекке мұқтаж болғанын көрсетеді. Сонымен қатар балапанның жаурап қалғаны байқалады. Біз оның бойын жылыту үшін бөлмеге жылытқыш қойдық. Содан соң ол әжептәуір ширап қалды.

Қазіргі таңда қоқиқаз Ақмола облысында орналасқан Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығына жеткізілді. Осы сұлу құстар дәл сол жерде, Теңіз көлінің аралында өмір сүреді.

Табиғатты қорғаушылар қарағандылықтарға саналылықтары мен табиғатқа бейжай қарамайтындығы үшін алғыс білдірді.

Қазақстанда қоқиқаз өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген құс.

Фото: karaganda-region.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: